Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ақыры ұлттық ән, ұлттық ырғақ, ұлттық дыбыс жайлы жазылып қалды ғой, аяқтай салайыншы, қызық болсын. Әншілердің де құлағы шулаған екен, ақырына дейін айғайлайын, жетер ме екен. Құлағына емес, миына, санасына. "Той-думан" деген бір арна бар. Ол арна үй жинағанда ғана қосып қоюға жарайды, әндері "айналып" жатқан әншілер ренжімесін, қайта бұл тап сол арнаға тіпті артық баға. Сол арнаның радиотолқыны бар екенін, аталмыш радиодан өзінің әндерін тыңдауға болатынын әншісі де, сазгері де (композитор деген ұлы ұғым ғой) екі езуі екі құлағына жетіп қуана айтып отырады арасында. "Сауатты сөздер құйылған" ән тыңдауға болатынын айтатыны сұмдық енді. Қош делік, өздеріне де жақсы, үй жинап жатқанда маған да жақсы. Айналдырған 4-5 әнді қақсатып кешке дейін ит-сілікпесін шығарып бере береді. Өтпейтін әнді осылай өткізетін шығар, мәтінін жаттап алсын дейтін болар, о жағын білмедім. Жетіскен әннің сөзі жоқ ол жерде. Неге олай екен деген ой анда-мұнда басқа келетін. Бірақ миымды жұмсауға ерінетінмін. Бүгін жауабын таптым-ей соның. Кілең бір сиюге шамасы келмей қалғандар, оденома, простатит, бүйрегі ауыратындар, тіпті төсекке жарамай қалған өңшең бір аурулар жиналып алған екен, әйда кеп бір дәрі-дәрмекті жарнамалап жатады. Өңкей кіші дәретке бара алмай қалған урологиялық ауруы бар құрылыста істейтін жігіттер жиналған ба бірдеңе, арасында Қоразбаев көкелері түскен Наурыз туралы бір клиптің барын айтады. Айтқанда да сұмдық енді. Алтынбек көкелері түскен клип арқылы әлгі әшәуі әлсіз, бүйрегі нашар құрылысшы жігіттердің әншілерге қатысы жоғын айтқысы келді ме екен, былай деп жеткізеді: "Алтынбектің әрекеті тәбетті аштырды". О кісінің қазы турап жатқаны анау айтқандай әрекет емес енді.", деп жазды ол.
"Міне, біздің мәдениет! Неше күннен бері біздің руханиятымызға пәлен млн теңге бөлінгенін айтып, көре алмай жатыр ма дегендей кінәлап, одан қалды оның бәрін жөн санап жатқандар бар ғой. Дұрыс-ақ! Бірақ бір уақ өздері шығып ән айтатын арнаның да мәдениетіне кішкене көңіл бөліп қойса ғой. Әсілі, әркім өз саласында сапалы қызмет көрсетіп мәдениетті өсіріп, руханиятты өркендеткені жөн. "Той-думаннан" құдай қаққанда дәстүрлі әншілерді қағып қапты. Дәстүрлі әннің де, ұлттық әуеннің де, қобыз бен домбыраның да киесі бар. Қағып түсіреді. Ал сөзге мән бермей орысша-қазақша, тіпті өзбекше әлде ұйғырша мәтін аралас, әні қойыртпақ той әншілеріне ол арна жарасып тұр. Қыс демей, жаз демей, шапқылап жүретін "серілерде" оденомасы түскір бар болса, бар шығар, дәрі де керек",- ойын тұжырымдады Айгүл Болатханқызы.