Қазіргі таңда бұл өршіп тұрған мәселе. Дегенмен, бұл атаудың өзінің тарихы бар, мазмұны бар.
Ендеше “Сыбайлас жемқорлық”, — ұғымына, тарихына көз жүгіртсек.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екіншіжартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздіңэрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырғанМану Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмніңдіни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді.
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі.
Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзжұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері депатаған.
Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі депсанаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек», — деп жазылған.
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. Әбу Насыр Әл-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған. ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама меннашар шенеуніктер деп көрсеткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегіменадамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни санаболып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананыңбарлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымдыатқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық бұл – ғаламдық мәселе
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдауларының бірінде сыбайлас жемқорлық ұғымын, мәселесін ғаламдық ретінде қарастыру керек екенін айтқан болатын.
“Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе. Одан әлемнің бірде бір мемлекеті, бірде бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес”, — деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Сыбайлас жемқорлық» деген сөзден мағынасы туралы экономист-сарапшы экономист-сарапшы Ербосын Нұрмұхан Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берген болатын.
“«Сыбайлас жемқорлық» деген сөзден мағынасына үңілсек, бізге алдымен кімдер «сыбайлас» деген сұрақ туады. Меніңше мұндағы сыбайластар тек пара алушы тарап қана емес, пара беруші тарапта сыбайлас. Егер біз сұраныс пен ұсыныстың қағидасы бойынша жемқорлықты бір түрлі сауда деп қарасақ, сауда тек екі жақ бірдей келіскен шарт астында ғана жүзеге асады. Егер келісім болмаса ол сауда, сауда болмайды. Қазір біз сол сауда алаңын алушыға да, сатушыға да лайықтап жасап беріп отырмыз. Бұндағы алушы қолында құзіреті бар тарап болса, енді бірі сол құзыреті бар тұлғаға мұқтаж кәсіпкер не болмаса жәй жеке тұлға. Және біреуі, мансапты алып сататын қолында билігі бар тұлғалар арасындағы сауда”, — деді ол.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес сөзінен бөлек, адамдарда “менің салығым”, “менің дауысым”, — сөздері қатар қолданылуы керек.
Бұл туралы экономист Мақсат Халық Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтқан болатын.
“Біздің мәдениетте “менің дауысым”, — деп дауыс беруге қатты атсалыспаймыз. Көп қоғамда болып жатқан процесстерді қадағалап, оның жақсы болуына өзіміздің үлесімізді көбінесе қоспай қалатын жағдайымыз бар. Қарапайым ғана мысал, тауға шыққан кезде көп байқаймыз жастардың сол жерді ластап кететінін, қоқыс тастап кететінін оның барлығы азаматтық белсенділік, артыңнан жинап жүру, барынша түзу болу, әділ болу деген мәселелерге келіп шығады. Сондықтан менің ойымша “менің дауысым”, — деген мәселе және “менің салығым”, — деген мәселе. Өйткені, дамыған мемлекеттерде көршісін ұстап береді, мемлекетке зиян келтірді дегендей. Ал бізде ондай жағдайлар орын алып жатса, “мынау жарады, қандай ақылды адам”, — деп жатады. Сондықтан да осындай әлде де болса мәдениеттің қалыптаспай тұрған жағы бар. Бөлініп жатқан мемлекеттегі бюджеттің бөліну процесіне, аймақтағы халықтар да ат салысу керек”, — деді Мақсат Халық.