Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.
"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", — делінген хабарламада.
Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.
Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.