Жарғыны қабылдаудағы басты мақсат — аймақтық қауіпсіздікті нығайту, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің тәуелсіздігі, аумақтық біртұтастығы мен егемендігін ұжымдасып қорғау болып табылады. Ал бұл мақсаттарды жүзеге асыруда
Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттер саяси құрал-тәсілдерге басымдық береді.
Жарғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының мынадай мекемелерін бекітеді : Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының мемлекет басшылары деңгейіндегі жоғары органы болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі , Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, Қорғаныс министрлерінің Кеңесі, Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті, сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының тұрақты жұмыс органы болып табылатын хатшылық .
Сонымен бірге жарғыда Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымына жаңа мүшелер қабылдау тәртібі, Үйымның мәртебесі және ҰҚКҰ органдарының жалпы жұмыс принциптері мен функциялары дәйектелген.
Жарғының 27-бабына сәйкес, аталмыш жарғының ережелерін қолдану және оны түсіндіруде туындаған қандайбір дау-дамайлар ұйымға мүше мүдделі мемлекеттер арасындағы келісөздер мен кеңестер арқылы шешіледі.
Сенатта бекітілген заң жобасы Елбасының қол қоюына жіберілді.