Коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар бар - ДДҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар бар - ДДҰ

Коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар бар - ДДҰ

ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді.  

  • 18 Мамыр 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы аптада COVID-19 оқиғаларының саны ДДҰ-ның алты аймағының төртеуінде күрт өсті», — дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс.

Осы орайда, коронавирустың мутациялануын бағалаудағы қиындық туралы айтты.

«Тестілеу мен жүйеліліктің төмендеуіне байланысты көптеген елдерде вирустың қайда және қалай өзгеретінін анықтау қиынға соғады», — деді ол.

ВАК таратқан мәліметке сәйкес, ол КХДР мен Эритрея мемлекетінде вакцинация науқаны басталмағанына алаңдаушылық білдірген.


Айта кетсек, Малайзияда бір тәулікте 1469 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды.

Ал, Израиль елге кірер алдында ПТР тапсыру талабын алып тастады.