Әлімханұлы Лас-Вегаста АҚШ-тан британдық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Бірінші раундтың өзінде Дигнум нокдаунға түскен.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы про-рингте он екінші жеңіске жетіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атанды. Дэнни Дигнум кәсіпқойлар арасында бірінші рет жеңіліп отыр.