Екі өңірде коронавирус жұқтырған бес адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі өңірде коронавирус жұқтырған бес адам анықталды

Екі өңірде коронавирус жұқтырған бес адам анықталды

22 мамырдағы мәлімет бойынша 49 пациент стационарларда емделіп жатыр

  • 22 Мамыр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді.

Оның ішінде Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 2 адам анықталды.

Жалпы індет басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 691 адамға жетті.

22 мамырдағы мәлімет бойынша, 135 адам коронавирус инфекциясынан (–81+ және 54 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 49 пациент стационарда, 86 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Жеті пациенттің жағдайы ауыр, бір науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.


Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 498 495 адам, 2-ші компонентін 9 271 427 адам салдырды.