Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Министрлер Кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеуінде айтты, — деп хабарлайды ZTB Kazakhstan.
«Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен Егемендігі туралы өз ұстанымымызды Ресейге нақты және батыл айттық. Бірақ біз бұл шоуға қатысқымыз келмейді, ал Ресеймен қарым- қатынас барлық бағытта жалғасуда»,- деп атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Түрік билігі Украинадағы жағдайды реттеу туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Стамбул Мәскеу мен Киев делегацияларының бетпе-бет кездесулері де болды. Ағымдағы жылдың ақпанында Ресей Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша арнайы операцияны бастаған болатын.