Энергетика министрі АЭС орналасатын өңірді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика министрі АЭС орналасатын өңірді атады

Энергетика министрі АЭС орналасатын өңірді атады

Аталған өңір талай жыл бақыланып келген. 

  • 24 Мамыр 2022
  • 38
Фото - Caravan.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салынатын өңірді айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Егер қуат жағынан тура келсе АЭС-ті Балқаштың немесе Курчатовтың жанында салуды ойлап отырмыз. Балқашта салынатын шығар", — деді Ақшолақов.

Ол бұл аумақтың Кеңес Одағы кезінен бері атом электр станциясының орны ретінде зерттеліп келгенін айтты.


"Осы өңірлерді осы жылдар бойы бақылап отырдық", — деп түйіндеді министр.