Каспий теңізіндегі мұнай кеніштерін игеруге дайындық жұмыстарының басталуына байланысты Ақтауда қоғамдық тыңдаулар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізіндегі мұнай кеніштерін игеруге дайындық жұмыстарының басталуына байланысты Ақтауда қоғамдық тыңдаулар өтеді

Каспий теңізіндегі мұнай кеніштерін игеруге дайындық жұмыстарының басталуына байланысты Ақтауда қоғамдық тыңдаулар өтеді

20-тамызда "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ Ақтауда мұнай өндіру жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға бағытталған кезекті қоғамдық тыңдау ұйымдастырғалы отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2003
  • 1056
Фото - Caravan.kz

Тыңдаулар Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі «Дархан», «Нұрсұлтан», «Ұлытау» және «Ұлутас теңізі» учаскелерінде мұнай операцияларын өткізуге дайындық жұмыстарымен байланысты. Учаскелерді игеру жұмысын «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ мен «ҚазақМұнай Теңіз» теңіздегі мұнай компаниясы атқарады.

Мамандар аталмыш құрылымдардың болашағын жоғары бағалауда. Көмірсутегі шикізатының болжамдық геологиялық қоры «Дархан» кенішінде 440-1100 млн. тонна, «Нұрсұлтан» кенішінде — 349 млн. тонна, «Ұлу теңізі» кенішінде — 366 млн. тонна деп бағаланған.
Экологиялық зерттеулер қорытындысы Солтүстік және Орта Каспий суларының ластану деңгейі орташа екенін дәлелдеп берді. Ал теңіз суынан мұнай өңдеу өнімдері, мыс және темір әлі күнге дейін табылып отыр. Алайда «ҚМГ» нормативтік құжаттарда белгіленген экологиялық талаптарға қатаң бағынбақ ниетте.
Ұлттық мұнай операторы барлау жұмыстарын өткізуде қалдықтар көрсеткішін нольден асырмауды көздеп отыр. Ал өндірістік сатыда қалдықтар тазартылғаннан кейін тереңге көміледі. Мұнай операцияларының барлық сатысында қалдықтарды теңізге тастауға мүлдем жол берілмейді.
Мұнай өндіру жұмыстары қолға алынбас бұрын мамандар жаңадан экологиялық зерттеулер жүргізіп, алдағы уақытта табиғи ортаға мониторинг жасап отыруды жоспарлады. Болуы мүмкін шығындардың орнын , соның ішінде биологиялық ресурстарды да, толықтыру шарасының жобасы жасалып жүзеге асырылады.
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі «Дархан», «Нұрсұлтан», «Ұлытау» және «Ұлутас теңізі», «Құрманғазы » құрылымдарында теңіз кеніштерін өндірістік мақсатта игеру Қазақстан тарихында тұңғыш рет теңізде өндірілетін отандық мұнайгаз индустриясының негізін қалауға мүмкіндік береді.
Теңіздегі мұнай жобасын жүзеге асыру нәтижесінде аймақта жаңа жұмыс орындары құрылып, әлеуметтік салаға белсенді қолдау жасалады, жергілікті мамандарды дайындауға жыл сайын қаржы бөлініп, салық түсімі ұлғаяды, сондай-ақ, отандық ғылыми әлеуетті пайдалану мүмкіндігі туындайды. ҚазақМұнайГаз теңіздегі кеніштерді игеру жұмысына жергілікті мердігерлерді, материалдар сатушыларды, отандық тауарлар мен қызмет түрлерін көбірек пайдалануды жоспарлап отыр.
Аталмыш мұнай және газ кеніштері «Қазақстанкаспийшельф » халықаралық консорциумы 1994-1997-жылдар аралығында өткізген теңіздегі сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталып зерттелген болатын.