Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қайтыс болған жауынгердің әкесіне бағалы сыйлық беру туралы бастаманы Ресей Федерациясының дзюдо ардагерлерінің ұлттық одағы көтерген.
Бұл идеяны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қолдаған.
Көлік кілтін тапсыру рәсімінде Ботақанов қылмыскерлердің шабуылына тойтарыс беруде ерлік көрсеткен ұл тәрбиелеген батырдың әкесіне алғысын білдірді.
"Ол Қазақстан азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін қиды", — деді бас қолбасшы.