Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен қазақ қоғамының
-әншілерді — шегіртке,
-боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды — қораз,
-шоумен, юмористтерді — маймыл
образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын.
Сол кезде, бала әнші боламын десе,
-“шегіртке” боласың ба дейтіндей,
= боксер болам десе “қораз” сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе,
-юморист болам десе, онда “маймыл” болғаның ғой
деп айтқызғым келеді.
Сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді.
Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін", -деді Ахметбек Нұрсила.