Оңалту орталығының кішкентай емделушілерісыйлыққа кенелді.
Алматы облысы бойынша Антикоррупциялыққызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балалардыоңалту орталығында болып, ондағытәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралықбалаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Жылы сөздерін жаудырып, ізгі тілектерінбілдірген департамент қызметкерлері балғындарғамереке барысында алып келген сыйлықтарынтабыстады. Ал 9 жасар Амина сыйлықтан бұрынмейірімді жандардың ыстық ықыласын асығакүткенін айттып, мәз-мейрам болды.
Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі— бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жасұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әразаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, оңалту орталығында 5 тен 18 жас аралығындағы жүздеген бала емделуде. Осы уақытқа дейін медициналық мекемеде мыңнан аса бала ем алып шыққан.