Cарбаз Антон кемістікпен дүниеге келген: босану барысында кіндігі бетіне оралып қалған. Нәресетеге шұғыл ота жасалыпты.
Жігіт көпбалалы отбасыда өскен. Ал әкесі 2004 жылы қаза тауып, балаларды анасы жалғыз тәрбиелеген. Антон мұрыны өзгелердікімен бірдей болғанын қалаған дейді. Ауылда тұрғандықтан, отаға ақша жинау мүмкін болмапты. Осы себепті әскерден кейін келісімшарт арқылы қызмет етуге қалған. Үйде өз болашағын көрген жоқ. 2020 жылы Антон Федосеев Бегуницкий агротехнологиялық техникумын тракторшы мамандығы бойынша аяқтаған. 2020 жылы оқуын тәмамдаған соң 20 жастағы жігітке әскерге шақырту келген.
"Соңғы рет 2020 жылы хат алмастық.
Бұл кезде Мурманскте борышын өтеп жүрген. "Сәлеметсіз бе, мені ұмытып қалмадыңыз ба? Мен шілде айынан бері әскерде борышымды өтеп жүрмін" деп жазды. Антон келісімшарт туралы ойланып жүргенін жиі айтатын. Бәлкім, үйінде өз болашағын көрмеген шығар. Бір жерде тұру керек, ал ауылда жұмыс табу – нағыз ерлік. Әскерде оңай, ақша мен тұрақтылық туралы уәде бересің, осылайша бала қалып қояды. Бұдан кейін байланысқа шықпады. Мен де хат жазбадым", – деп еске алды Волосовск халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі Наталья Сабодаш.
Наталья 20 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істеген оңалту орталығында Антон екі жыл болған. Алғаш рет бастауыш сыныпта, екінші рет сегізінші сыныпта түсіпті.
"Балалар әр түрлі себеппен және әр түрлі мерзімге түседі. Әдетте ата-аналар "өмірлік жағдайдың қиындағаны" туралы жазады.
Жұмыс табу керек болса, жұмыс іздейді, жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ішімдікке салынса, емделеді.