Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады.

  • 6 Маусым 2022
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"6 маусымда сағат 08:00-де еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10 012 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды. "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысса референдум өткізілді деп есептеледі", — деп хабарлады брифингте Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтардың 77,18 пайызы дауыс берген. Түзетулерге қарсы — 18,66 пайыз. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.


Дауыс беруге құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 986 293-і дауыс берді. Дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысты.