“Тұмшалап, сана-сезімін уламайық”: Меруерт Түсіпбаева оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қарсы екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Тұмшалап, сана-сезімін уламайық”: Меруерт Түсіпбаева оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қарсы екенін айтты

“Тұмшалап, сана-сезімін уламайық”: Меруерт Түсіпбаева оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қарсы екенін айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қарсы екенін айтты.

  • 8 Маусым 2022
  • 1092
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мектепке оқушының орамал тағып баруына мен қарсымын! Әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, ақ пен қараны, оң мен солды ажырата алмаған жас баланың ертеңгі күнін ойлайықшы. Қазақстан — зайырлы мемлекет! Осы бағыттан, ұрпағымыздың болашағы үшін айырылмайық, адаспайық. Онсыз да таза, пәк балапандарды тұмшалап, сана-сезімін уламайық. Баланың балалығы болсын. Мектепке оранбай-ақ, асыр салып жүгірсін, ойнасын. Есеюге үлгереді. Орамалды қазақтар қыз бала ұзатылып, өзге босағаны аттағанда ғана таққан. Ат құлағында ойнаған қазақ қызы, көбінесе ерке, еркекшоралау болып өскен. Ата-бабамыздың салып кеткен сара жолымен жүрсек жаман болмаймыз. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Шектен шықпаңыздар! Жауапқа тартыласыздар!", — деді Айгүл Орынбек.