Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жоқ, рас та ше. Не соңына дейін араб боп жарытпайды, не беті бері қарап қазақ болғысы келмейді. «Қазақтар былай болған, әлһамдулилләһ» деп өтірік суреттер мен фактілер тауып алып, сонысымен өзінің ұстанып жүрген секталық күйін ақтап алғысы келеді. Сөйтеді де, жүрген жерін ірітіп жүреді. «Барлық дәстүріміздің, танымымыздың түбі — ислам. Араптар болмағанда жойылып кететін едік!» дейтіндер бар арамызда. Жалпы бұл конфликттің түбі қайдан? Жат дәстүрді қазақтықтың ішіне импорттағысы келеді. Жай қаласа мейлі-ау, бұл бұрын болған деп бүтін болмысымызға жала жабады.
Діни ұстанымды қазақтыққа таңудың қажеті жоқ. «Бұл менің саналы таңдауым. Қазақы дәстүрге қатысы жоқ. Дәстүрді бөлек ұстанам. Дінді біздің танымнан бөлектеу негіздегі оригиналға жақын осындай жолмен ұстанғым келеді» деп ердей мойындасаңшы, ептібайымайт! Сұрақ бітті ғой. Егер олардың айтып жүргені қазақтықта о баста бар болса, уже сіңіп кететін уақыты болды емес пе? Сіңбей жатыр ғой. Ойбай-ау, дәстүрде бар болса болған шығар деп өзің кіргізсең де, ішкі бір күшің теуіп тастай береді. Бүкіл қоғамда да сол. Боқты қанша жерден оюлы қорапқа салып берсең де, боқ боп қала бермек. Араптан келген секталардың да жайы сол", — деп жазды блогер.