Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хабарласына сәйкес, қайғылы жол-көлік апаты 10 маусымда болған. Белгілі болғандай, батыс бағытта келе жатқан BMW 525 жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
«Апат салдарынан екі жүргізуші мен Mercedes Benz көлігінің жолаушысы – 1978 жылы туған әйел жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тіркелді. Сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалды», — деді Алматы қалалық ПД Анықтау департаментінің бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Олжас Шәріпов сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалғанын айтты.