"ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде жұмысшы тірідей жанып кетті – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде жұмысшы тірідей жанып кетті – видео

"ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде жұмысшы тірідей жанып кетті – видео

"Марқұм 1977 жылы туған. Бейнеу ауылының тұрғыны

  • 15 Маусым 2022
  • 56
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысында" ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында өрт шығып, бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, "ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде АПРС-40 қондырғысы отқа оранған.

14 маусымда түнгі сағат 23:50 басталған өрт 20 минуттың ішінде өшірілді. Оқиға орнында күйіп кеткен мәйіт табылды.

Қайтыс болған ер адам — "Кезби" ЖШС жұмысшысы.

"Марқұм 1977 жылы туған. Бейнеу ауылының тұрғыны. "Кезби" ЖШС-інде жүк көтергіштің машинисті болып жұмыс істеген", — дейді құтқарушылар.

"Кезби" ЖШС жұмыскердің қайтыс болғанын растады. Компания жерлеу шығындарын өтеуге дайын екенін мәлімдеді.


Ал полиция тергеу шараларын бастап кетті