Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, көз жұмды.

  • 19 Маусым 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, "102" каналына Достық көшесінде 7-ші қабаттағы балконнан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

"Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған", — деп мәлімдеді полиция.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.


ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.