"Құпиясы көп, сыры ашылмаған қаза". Алаштанушы ғалым Мұхтар Әуезовтың өлімі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құпиясы көп, сыры ашылмаған қаза". Алаштанушы ғалым Мұхтар Әуезовтың өлімі туралы айтты

"Құпиясы көп, сыры ашылмаған қаза". Алаштанушы ғалым Мұхтар Әуезовтың өлімі туралы айтты

Жас алаштанушы, ғалым Елдос Тоқтарбайұлы қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің өлімі жайлы біраз деректер келтірді.

  • 27 Маусым 2022
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Осыдан тура 61 жыл бұрын (1961, 26 маусым) Алаштың аман қалған үш жұрнағының бірі, үлкен жазушы, ірі суреткер Мұхтар аға Әуезов Мәскеудегі Кремль ауруханасында ота жасатты.

Әуезовтің эпистолярлық мұрасын жіті оқып, мұқият қарасаңыз, көп нәрсені аңғарасыз. Сыры жасырылған ойдың жұмбағын шешу керек… Мұхтар аға Кремль ауруханасынан соңғы күндерінде бірнеше хат жазған. Жазушы Тахауи Ахтанов, Зейін Шашкин мен Есмағамбет Ысмайылов, академик Зейнолла Қабдоловқа, ұлы Мұратқа, жазушы Кәмел Оразалинге… әрқайсысын оқу керек! Қайта оқу керек! Сонда ғана дегдар Мұхтар Омарханұлының жанын, ойын түсінерміз…

Сейсенбі (27 маусым) күні аяулы Мұхтар аға Әуезов жансақтау бөлімінен жанын сақтап шыға алмады… сол күні ғұмыр-жапырағы үзіліп, ғұмыр-сағаты тоқтады. Кім үзді? Кім тоқтатты? Неге?

Оның болмашы бір отадан аман-есен шығамын деген үміті мен сенімін оқыдым. Жанын түсіндім…

 Араға үш салып, дәл Мұхтар аға жатқан палатада Алаштың екі жарығының бірі — ірі ғалым, академик, ұстаз Қаныш аға Имантайұлы Сәтбаевтың да шырағы сөнді…

Екі ғұламамыз да 64 жасында фәниден бақиға аттанды. Құпиясы көп, сыры ашылмаған қаза! — деп жазды алаштанушы.

Еске салсақ, бүгін заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың қайтыс болған күні. 

 


Алаштың келбеті еді! ✅ Бүгін (27 маусым) — аса көрнекті жазушы, кең тынысты романист, ғұлама ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш үміті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің қаза болған күні. ✅ Мұхтар аға Абайдың мектебінен, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Әбікей, Жүсіпбектердің мектебінен тағылым алған, алдыңғы толқынның бар жақсы мінезін, парасатын бойына сіңірген, солардың аманатын, сөзін қағазға түсірген, біздің заманға жеткізген Алаш үміті болатын. ✅ Мұхтар ағаның бір арманы болған екен. Бірде оны маған классик жазушының ұлы, мәдениеттанушы Мұрат аға айтқан-ды. Кемеңгер Әуезов: “Құдайым, тым құрмағанда 10 млн қазақтың атынан сөйлер күнді көрер ме екем…”. Міне, Әуезовтің асқақ арманы! ✅ Қайтсін енді… 1917,1921,1922,1931,1932,1933 жылғы ашаршылық, 1937-1939 жылғы сталиндік террор, 1941-1945 жылдарындағы соғыс… бәрін көрді ғой ұлы жүрек… сол шерлі жүрек 1 млн-ға жетер-жетпес халықтың қорғаны еді! ✅ Бүгін, Алаш үмітінің рухына құран оқып, дұға ететін күніміз. Рухына Фатиха! Ниет қабыл болғай! Видеода туған халқымыздың кемеңгер Әуезовті қаралы сапарға шығаруы. #алаш_аманаты #алаш_сөзі #елдос_тоқтарбай #qyr_balasy

Posted by Eldos Toktarbay on Sunday, June 26, 2022