Каспий теңізінің суын тұшытуға арналған зауыттың жобасын «Маңғыстаумұнайгаз » ААҚ-ның тапсырысымен Мәскеудегі «М.В.Келдыш атындағы Зерттеу орталығы » Федералдық Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны жасап шығарған болатын. Нысан құрылысын «Алматымонолитстрой» көп профильді фирмасы салып жатыр .
Теңіз суын тұщыту арқылы ауыз суын өндіруге арналған зауыт құрылысы үстіміздегі жылдың 4-ақпанында басталған. Зауыттағы алғашқы өндірістік желі шілде айында іске қосылды. Алайда, жаңа зауыттың бірінші кезегін пайдалануға беру ( қуаты тәулігіне 30 мың текше метрді құрайтындықтан) қаланың ыстық және суық су қажеттігін толыққанды өтей алмайды. Ал Ақтау қаласы мен оның іргесіндегі ауылдар, сондай-ақ, қаладағы барлық өндірістік нысандардың тұщы су қажеттігі тәулігіне 40-45 мың текше метрді құрайды.
Ақтау қаласы тұрғындарының тәуліктік ауыз су тұтыну мөлшері 3,5 мың текше метрді құрайды. Ал зауыт шығын мөлшерін азайту мақсатымен қуатының ең төменгі шектеулі мөлшерінде (тәулігіне 4,5-6,0 мың текше метр) жұмыс істеуде.
Зауыттың су тұшыту бөлімінде алғашқы мерзімде қуаты тәулігіне 2 мың текше метрді құрайтын 10 су тұшыту қондырғысын пайдалану көзделген. Ал болашақта зауытта тағы да осындай 10 қондырғы орнатылады.
Зауыт тәулігіне 40 мың текше метр су өндіреді. Ал зауыттың бірінші кезегінің қуаты тәулігіне 20 мың текше метрді құрамақ.
Зауытта теңіз суын тұшытудың ең экологиялық таза тәсілі қолданылады. Бұл тәсілдер орбиталық ғарыш станциялары мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының площадкаларында пайдаланылады. Арнайы қондырғыда радиоактивті бөлшектер, бактериялар , вирустар мен басқа да қоспалардан тазартылатын су өз құрамында табиғи тұздар мен минералдарды сақтап қалады.
Зауыт құрылысын салуда қазіргі заманғы ең озық дүниежүзілік және Ресейлік технологиялар қолданылуда. Әдістеменің бір артықшылығы , материал көп жұмсауды қажет етпейтін арзан жабдықпен аз энергия жұмсап теңіз суынан ауыз су шығарып алуға мүмкіндік беретіндігінде болып отыр. Су сапасы барлық тазалық талаптарына сәйкес.
Зауытты салуда Ресей мен Қазақстанда өндірілген жергілікті материалдар мен химиялық реагенттер қолданылуда.
Маңғыстау облысы — жер бетінде тұщы су көздері жоқ , ал жер астындағы су қоры мардымсыз болып келетін еліміздегі ең бір суға тапшы аймақ болып саналады. Осыған байланысты тарифтік реттеу және баға белгілеу саясаты сумен қамтамасыз етуші ұйымдар мен су көздерінің тиімді жұмыс істеуіне және инвестиция ретінде салынған қаржының тиімді мерзімде өтелуіне жағдай жасауы тиіс.