Биылғы тақырып өмірді жақсартуға арналған цифрлық технологиялар, цифрландыру және антибуллинг жағдайында балаларды тәрбиелеу және инклюзияға арналды. Егер алғашқы екі мәселе мамандардың тренингі барысында қозғалса, инклюзия бойынша сала сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі спикерлері ретінде мінез-құлықты қолданбалы талдау мамандары бірлестігінің Басқарма төрағасы Мейірбек Тоқтабаев, «Росток» АБА орталығының негізін қалаушы және директоры, мінез-құлық бағдарламаларының кураторы Жанат Ахметова, Атырау қаласындағы «Росток» орталығының директоры Өмірләззат Өтебаева мен арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметкері Елена Егорова сөз алды.
Сарапшылар елдегі инклюзияны дамытуға азаматтық қоғамды тартуды жандандыру қажет деген пікірде. Пікірінше, бұл қазірдің өзінде танымал, инклюзивті қауымдастықтарға төзімділік мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру маңызды. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау және қызмет сапасын арттыру кезек күттірмес міндет болуы керек.
Бизнес-тренер, кәсіпорындарды ұйымдастырушылық дамыту, басқару және стратегиялық жоспарлау және әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі кеңесші Ғалым Жүкіпбаевтың тренингі адамдардың тұрмысын жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдануға арналды.
Ал буллинг пен кибербуллингтен қорғау және алдын алу бойынша маңызды тақырыпқа «Just Support» ЖҚ атқарушы директоры Светлана Богатырева шеберлік сыныбында тоқталды. Оның ұсынысы мен кәсіби кеңесіне жеке жазба арнаймыз.
Айта кетейік, «Аман келешек» фестивалі балалар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сыныптары фестивалін, сонымен қатар педагогтар мен ата-аналарға арналған жыл сайынғы диалогтық платформалар мен білім беру іс-шараларын қамтиды.