Нұрсұлтан Назарбаев қоры ерекше қажеттілігі бар балалардың Қазақстан би ұжымдарының IV республикалық байқауына қатысуға көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев қоры ерекше қажеттілігі бар балалардың Қазақстан би ұжымдарының IV республикалық байқауына қатысуға көмек көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев қоры ерекше қажеттілігі бар балалардың Қазақстан би ұжымдарының IV республикалық байқауына қатысуға көмек көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Қанаттылар» инклюзивті театры Нұр-Сұлтан қаласының ерекше қажеттілігі бар балалардың Қазақстан би ұжымдарының IV республикалық байқауына қатысуға көмек көрсетті.

  • 6 Маусым 2022
  • 4
Фото - Caravan.kz

Орал қаласында өткен байқауға есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандар қатысты.
Қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, мың бұрала билеуден шеберлік көрсетіп, сұлулығын паш етті. Бұл керемет әрі таңғажайып мереке еді. Байқауға қатысушылар көрермендерді бидің ырғағымен және сұлулығымен тәнті етуге бар күшін салды. 

Хореографы Ботагөз Тұрлыбекова болған Нұр-Сұлтан қаласының «Ақшағала» би ұжымы «Халық биі» номинациясында бас жүлде – гран-приді ұтып алды.


Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз!