Алматыда "аутизмді жеңеміз!" атты концерт ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "аутизмді жеңеміз!" атты концерт ұйымдастырылды

Алматыда "аутизмді жеңеміз!" атты концерт ұйымдастырылды

Алдыңғы демалыста Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай концерт өтті. «Аутизмді жеңеміз!» орталығының балақайлары өлең оқып, ән айтып, би билеп, барабан мен пианинода ойнап көпшілікке шығармашылық таланттарын паш етті.

  • 4 Сәуiр 2022
  • 1
Фото - Caravan.kz

Мерекенің шырайын ашқан өнерлі балаларға үлкен сахнада Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің музыканттары қолдау көрсетті.

Аутизм — бүгінде бүкіл адамзатты алаңдатқан мәселе. Аутист балаларға көмек көрсету, ортаға бейімдеу және оңалту әрбір мемлекеттің басты мәселесі. Аутизммен ауыратын баласы бар әр ата-ана заманауи ғылым аутизмді емдеуге көмектесетін әдіс-тәсілді тезірек ойлап тапса екен деп армандайды. Сонымен қатар, адамзат аутизмнің нақты неден пайда болатындығын әлі білмейді. Десек те, аутизммен ауыратын балалардың саны күннен-күнге көбейе түсуде. Ал ата–ана алдында балаларына көмек көрсету үшін қайда бару керек, не істеу керек деген сұрақ туындайды.

— Бүгінгі концерт — бұл мамандардың орасан еңбегі мен аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарына зор сенім сыйлайтын игі шара. Әлдебір ғажайыпқа сеніп, алдағы күннен үміт күткен ата-аналарға үлкен қолдау. Бүгін сахнада болған жайттар дені сау балалар үшін қарапайым дүние болып көрінуі мүмкін, ал бізге келген балалардың жетістікке жете бастауының өзі үлкен қадам- деп атап өтті ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Мейірімділік» ерікті қоғамының» директоры Аружан Саин.


Айта кетейік, “Аутизмді жеңеміз” орталығындағы жұмыс балалардың, ата-аналар мен мамандардың өзара қарым-қатынасына негізделген. Балалармен психологиялық-педагогикалық түзету мен әлеуметтенудің бірнеше бағыты бойынша жұмыс жүргізіледі. Орталық жұмысының нәтижесі деп тәрбиеленуші балалардың  дамып, сөйлей бастауын айтуға болады. Екі жыл ішінде тоғыз тәрбиеленуші (30%) жай балабақшаға барды, балалардың 30%-ы аутизм спектрінің бұзылуы (РАС) диагнозынан арылды. Егер оңалту жұмыстары ерте жастан басталса, онда аутизмді толығымен жеңу ықтималдығы жоғары.