KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлағанындай, елшімен кездесуде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Грузиядағы ішкі саяси ахуалдың тез арада тұрақтануының, экономикалық дағдарысты ауыздықтаудың маңызын атап көрсетті.
Өз кезегінде Н.Дучидзе ҚР СІМ-нің басшысына Грузиядағы қазіргі ахуал туралы, осы елдегі саяси процесстердің одан әрі даму перспективасы туралы әңгімелеп берді. Грузия елшісі өз елінде болған оқиғаларға қатысты саяси позициясын жария етіп, қолдау білдірген Қазақстан басшылығына ризашылық білдірді.
Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға, бірінші кезекте сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделілік танытты. Атап айтсақ, ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «Қазақстан Грузияны Каспий теңізіндегі мұнай тасымалдау жұмыстарына жұмылдыру перспективасына оң көзқарас ұстанады, Қазақстандық бизнестің осынау Кавказ республикасындағы сауда-саттық және инвестициялық іс-қызметі аясын кеңейтуге нақты мүмкіндіктер бар».
«Біздің елде де Қазақстанмен өзара ынтымақтастықтың келешегіне, Грузия тарапынан стратегиялық әріптестік деп санайтын дәстүрлі байланыстарды дамытуға үлкен үміт артады»,- деді Грузия елшісі.