Қарағанды облыстық ақпарат басқармасынан хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен облыста мемлекеттік тілді қарқынды оқыту бағдарламасына мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлері толыққанды қамтылғанына қарамастан, мемлекеттік қызметкерлердің небәрі 20 проценті ғана мелмекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу қабілетіне ие.
2001-жылы облыс әкімінің қаулысымен сәрсенбі — мемлекеттік мекемелердегі өзара қарым-қатынас пен барлық мәжіліс, жиындар тек қазақ тілінде өткізілетін күн ретінде белгіленген болатын. Алайда, ақпарат басқармасының мәліметтеріне сәйкес, әкімнің бұйрығы мүлдем орындалмай қалған.
Ал бұл жолғы конференция мемлекеттік тілді қолданысқа енгізуге тежеу болып отырған тауқыметтерді айқындап беруі тиіс. Конференцияға үкімет басшысы кеңсесінің, мәдениет және әділет министрліктерінің өкілдері шақырылған. Тіл саясатына арналған конференция тұңғыш рет қазақ тілінде өткізілгелі отыр.