Агенттік ақпаратына сәйкес, Приуральный ауылының 40 жастағы тұрғыны «соқыр ішектің ауыр түрі» деген диагнозбен облыстық ауруханаға түскен. Дәйекті тексеру нәтижесінде бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек деген диагноз қойылды. Қазір науқас реанимациялық бөлімде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Жұқпалы дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.