Елбасы осынау мемлекеттік марапатты табыс ете отырып, Германия кацлеріне екі жақты байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ризашылық білдірді. «Германия канцлерінің осынау тарихи сапары екі жақты қарым-қатынасты дамытуға ауқымды үлес болып қосылады»,- деді Елбасы.
Н.Назарбаев Қазақстан-Германия қарым-қатынасының болашағы зор деп баға берді.
«Біз Германия еліміздің Еуропадағы сенімді серіктесі деп білеміз»,- деді президент.