Профессор, Дина Әлкебаева - “Тіл болашағы үшін күрес ешқашан тоқтамайды” - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Профессор, Дина Әлкебаева -  “Тіл болашағы үшін күрес ешқашан тоқтамайды” -

Профессор, Дина Әлкебаева - “Тіл болашағы үшін күрес ешқашан тоқтамайды” -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді», - деген болатын.

  • 25 Қазан 2022
  • 79
Фото - Caravan.kz

Тіл мәселесі қашанда өзекті. Сан жылдан бері мемлекеттік тіл төңірегінде арнайы реформалар жүргізілуде.

Caravan.kz порталының тілшісі Филология ғылымдарының докторы, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, доцент, профессор — Дина Әлкебаевамен тіл саясаты төңірегінде әңгімелесті.

Мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің жай-күйі не болып жатыр?

— Мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің жағдайын әрбір қазақпын деп соққан жүрегі бар азаматты толғандыруы тиіс. Себебі қазір ана тіліміздің жағдайы қалай болар екен. Мына жаһандану заманда бар байлығымыздан ұлттық құндылығымыздан айырылып қаламыз ба деген қауіп те бар, ол — рас. Сондықтан қазақ тілінің тек мемлекеттік мәртебесіне емес, ұлттық құндылығына және қазақ халқы қазақ тілі арқылы ғана көп нәрсе көрініс таба алады. Сондықтан мемлекеттік тіл болған қазақ тілімізді жақсарту адамзаттың өзінің міндеті ретінде санау керек. Мысалы бұл мәселе қоғамдағы көріністерге де байланысты. Басқа тілдердің басымдылық көрсетуімен тіпті кез-келген басқа тіл қазақ тілін менсінбеушілігі деген сияқты. Қазақ деген төлқұжатты алып бірақ өзі қазақ тілінен жұрдай адамдар бар. Мен оларды қазақ деп есептемеймін. Тілдің ең басты қасиетін, қадірін, құндылығын ұғыну керек. Сонда ғана тіліміз биікке өрлейді. Және ол қазақ қоғамында тұрған біздің басты міндет. Бізде ұрандар көп, алайда оны ұрандатуды емес негізі түпкірін білуіміз керек. Ұлттық намыс — тіл мен мәдениетте.

Тіл болашағы үшін күрестің бастауы бар да, аяғы жоқ секілді ме қалай?

— Тіпті осы сұрақтың өзі күмәнмен қарайтын жастардың барын байқатады. Ол басталу керек, және өте жоғары дәрежеде мемлекеттік тұрғыда. Әрбір қазақтың санасына құйылып, заңдар бекілуі керек. Сонда бұл қазақ тілі — мемлекеттік, ұлттық мәртебесін сақтайды. Тіл болашағы үшін күрес ешқашан тоқтамайды. Себебі басқа тілдердің арасында күрес жүріп жатыр. Аз халықтардың тілдері жойылып жатыр жасырын емес. Ал мынау әлемде үстемдік етіп жатқан, өзінің өркениетінің биік тұғырына орналасып алған мемлекеттер өзінің тілі арқылы өз үстемдігін жүргізгісі келіп жатыр. Сондықтан қазақ тілі үшін, тіл болашағы үшін күрес бір сәткеде тоқтамай жүріп жатуы керек.


Жалпы тіл мерекесі аясында дүниеге келген нақты жобалар бар ма?

— Өте қиын сұрақ. Жалпы тіл мерекесі аясында артта қалған ескі мерекені атап өткен сияқты боламыз. Түрлі мерекелер өткізіп жатады дегенмен біз ұмыт болған, естен шыққан мерекені тойлайтын сияқтымыз. Ал шын мәнінде бұл мереке қазақ тілінің статистикасын толық білетін күн болуы керек. Тіл мерекесін саяси мерекеге айналдыру керек сияқты. Ақпарат көзі өте көп қой сонын бәрін халық білуі керек.

Латын әліпбиіне көшу жайлы өз ойыңыз қалай?

— Қазір латын графикасына көшу туралы көбі фонетикалық принциптер қолдайды. Фонетикалық принципті ауызша икемдеуге келеді деп. Құдайберген Жұбанов “коммунист” деген сөзді егер ауызша икемдеп айтса 16 түрлі жолмен жазылады деген. Сөздердің жазуыдың өзінде біршама қателіктер кетіп жатады. Мысалы “қыркүйек” сөзі ақпарат құралдарында солай ал, мектептерде “қыргүйек” деп жазылып жүр екен. Мен оған қарсымын егер шынымен сондай заң болса оны бүкіл ел білуі керек, заң қабылдануы керек. Содан кейін ғана қолданысқа енсе болады. Жыл сайын қаншама сөздіктер шығып жатыр. Қайта-қайта неге көп шыға береді түсінбеймін. Тек нақты өзгерген сөздерді ғана көрсетіп отырса халыққа өте пайдалы жеңіл болар еді. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Осыны естен шығармаңыз.