Басқарма ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бірінші бала 10-желтоқсан күні 17 сағатта қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Ал қалғандары 11-желтоқсанға қараған түні бойы бір-бірлеп ауруханаға жеткізілсе керек. Балалардың жағдайы «ауыр» және «орташа ауыр» деп бағалануда.
Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Ақсай-4 ықшамауданында орналасқан балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.