Оның айтуынша, квота мөлшері екі үлгіде дайындалған. Атап айтсақ, «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімге сәйкес, осы елден келетін маусымдық еңбек миграциясын ескерген жағдайда квота мөлшері еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 0,21 процентін құрайды». Ал екінші үлгіде, министрдің айтуынша, Қырғызстанмен шекаралас аймақтардан келетін маусымдық еңбек мигранттары есепке алынбайды. Ондай жағдайда «2004-жылға арналған квота 2003-жылғымен бірдей еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 0,14 процентін құрайды»,- деді Г.Қарағұсова.
Оның айтуынша, еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының саны 7 млн. 900 мың адамды құрайды. Алайда, министрдің атап көрсеткеніндей, «соңғы үш жылда еліміздегі экономикалық белсенді тұрғындар саны біршама артты, сондықтан да елімізге шетелдерден жұмыс күшін әкелуге арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғыдан біраз артық болмақ». » 2004-жылдан бастап инновациялық бағдарлама жүзеге асырыла бастайтындықтан , бұл еліміз экономикасының сұраныстарына толық сәйкеседі»,- деп атап өтті Г.Қарағұсова.
Елімізге шетелдерден жұмыс күшін әкелуге арналған 2004-жылғы квотаға қатысты ақырғы шешімді үкімет қабылдайды.