Кездесу барысында сондай-ақ, алдағы жылы Қазақстанда радиобайланысты дамыту туралы ұлттық семинар мен ХЭБО-ның Орталық Азия елдеріндегі телекоммуникация саласын ырқына жіберу мәселесіне арналған бірінші аймақтық конференциясын өткізу туралы талқыланды.
Форумда сөз сөйлеген Қазақстан өкілдерінің жетекшісі, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков елімізде жүзеге асырылып жатқан ұлттық ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру және оны дамыту бағдарламасы туралы әңгімелеп, оның басты элементтерінің бірі — «электрондық» үкімет құру екенін атап өтті.
Ақпараттық қоғам тақырыбына арналған саммит принциптер туралы Декларация мен шаралар жоспарын қабылдаумен аяқталды. Құжаттар сандық технологиялар саласындағы өзара алшақтықты азайтуға, ұлттық және халықаралық деңгейдегі сандық ынтымақтастық негізінде өзара үйлесімді, әділетті әрі тең құқылы дамуды қамтамасыз етуге бағытталады.
Женева келісімін жүзеге асыру нәтижесін 150 елдің өкілдері саммиттің 2005-жылы Тунисте өтетін екінші кезеңінде талқылайды.