Облыстық жаңа басылым «Жайық жастары» деген атауға ие болды. Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің тікелей қолдауымен құрылған «Жайық-пресс» қалалық коммуналдық кәсіпорны жыл басынан бері ардагерлерге, заңгерлерге, әйелдер мен дәрігерлерге арналған газеттер шығарған. Барлық мерзімді басылымдар қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Ал «Жайық жастары» жастарға арналған қоғамдық-саяси газет ретінде жарық көріп отыр. Ол жастар өміріндегі елеулі оқиғалардан хабардар етіп, әсіресе жастардың шығармашылығына баса назар аудармақшы. Газет 2 мың данамен айына екі мәрте шығады.