Ертеректе жұмыс істеп келген қала маңындағы «Шымкент-Түркістан» және «Шымкент-Шеңгелді» бағыттары қаржы тапшылығанан осыдан бір жыл бұрын жабылған болатын. Бірнеше айдан кейін облыстық әкімшілік «Шымкент-Шеңгелді» бағытына дотация түрінде 20 млн. теңге бөлген, әйтсе де, облыс орталығы мен Түркістан арасындағы автожол байланысы жақсы дегенді алға тартқан әкімшілік екінші бағытқа қаржы бөлген жоқ.
2003-жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның басшылығы өз қаржысы есебінен «Шымкент-Түркістан» бағытын қайтадан іске қосуға шешім қабылдады. Бағыттың қалыпты жұмыс істеуі үшін жылына 60 млн. теңге қажет.
Бағытқа шығатын теміржол составы екі вагоннан тұрады. «Шымкент-Түркістан » отарбасы күн сайын 150 жолаушы тасымалдайды, ал демалыс күндері олардың саны 400 адамға дейін жетеді. Билет құны 185 теңге. Отарба 22 бекетте аялдайды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр