ҚР сыртқы істер министрі еліміздегі Египет елшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі еліміздегі Египет елшісін қабылдады

ҚР сыртқы істер министрі еліміздегі Египет елшісін қабылдады

ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бүгін, 26-желтоқсанда Египет Араб Республикасының еліміздегі елшісі Мұхаммеда Набиль Абдель Азиз Фидауиді осындағы дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саясат мекемесінің басшысы Египет елшісінің жұмыс нәтижелерін жоғары бағалап, оған екі ел арасындағы екі жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-қызметі үшін ризашылық білдірді.

Египет — Африка құрылығы мен жалпы араб қоғамдастығындағы Қазақстанның басты әріптестерінің бірі. Екі республика арасында мемлекетаралық, үкімет аралық және мекемеаралық екі жақты 28 құжатқа қол қойылған. Екі республика арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, мәдениет және маман дайындау саласындағы ынтымақтастықтар белсенді дамып келеді.

Перейти к новостям спорта