Полиция ақпаратына сәйкес, тәркіленген және тұрғындар өз еркімен әкеліп берген түрлі үлгідегі газды, оқты және ойындылы қарулар Оралдағы арматура зауытында балқытылды.
Полиция қызметкерлері заңсыз қару сақтап отырған азаматтарды өз еркімен әкеліп тапсыруға тағы бір мәрте шақырды. Қаруды өз еркімен тапсырғандарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жүктелмейді.