Павлодар облысының Мичурино ауылында 198 оқушыға есептелген жаңа мектеп ғимараты салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының Мичурино ауылында 198 оқушыға есептелген жаңа мектеп ғимараты салынды

Павлодар облысының Мичурино ауылында 198 оқушыға есептелген жаңа мектеп ғимараты салынды

Павлодар облысының Павлодар ауданы Мичурино ауылында 198 оқушыға есептелген жаңа мектеп ғимараты салынды. Нысан құрылысын салуға арналған 150 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 630
Фото - Caravan.kz

Бұл ғимаратта биылғы жылдың қазан айында Мичурино ауылына көшіп келіп орын тепкен облыстық балалар үйі мен жергілікті бүлдіршіндерді қосқанда барлығы 400-дей бала оқи алады.

Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов мектеп оқушыларына компьютер классын, ал Павлодар облысындағы шаруашылықтар тұрмыстық электр бұйымдарды тарту етті. Сондай-ақ, жергілікті халық емшісі Үміт-апа мектепке сый-сияпат ретінде 50 мың теңге берді.
Алдағы жылы мектеп жанынан жалпы құны 25 млн. теңгені құрайтын спорт залы мен спорт алаңын салу көзделіп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстық балалар үйі бұған дейін Павлодарда орналасқан-тұғын. Онда тәрбиеленушілер жұрттан оқшау күн кешіп, оқшау сабақ оқитын. Алайда, 2002-жылдың мамыр айында онда төтенше оқиға болып, балалар үйінде тәрбиеленуші үш бала кісі өлтіргеннен кейін балаларды жетімдер үйінде орналастыру және тәрбеиелеу принциптері қайтадан қаралды. Балалар үйіне арналған кешен Мичурино ауылындағы бұрынғы демалыс аймағының негізінде құрылды. Кешенді жөндеу және оны қайтадан жабдықтауға арнап облыстық бюджеттен 53 млн. теңге бөлінді. Жаңа кешенде 100-ден астам тәрбиеленуші тұрады.