Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді

Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді

Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді. Бұл туралы Әзербайжан Республикасының бірінші вице-премьері Аббас Аббасов журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 393
Фото - Caravan.kz

А.Аббасовтың атап көрсетуінше, осы жөніндегі келісімге Астанада өткен келіссөздер нәтижсінде қол жеткізілген. Әзербайжанның жеке меншік компаниялары Қазақстаннан 300 мың тонна астық алу туралы келісімге қол қойыпты. Алдын-ала белгіленген кестеге сәйкес 50 мың тонна астық биылғы жылдың желтоқсан айында Қазақстаннан импортталып үлгерген. Ал қалған 250 мың тонна астық 2004-жылдың мамыр айына дейін жөнелтіледі. Әзербайжандық компаниялар елімізден 1 тонна астықты 165 долларға сатып алады.