Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің шешімімен еліміз Иранға қайырымдылық көмек тиелген ұшақ жөнелтпекші. 26-желтоқсанда осы елдің Бам қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 28 мыңдай адам опат болып, 60 мыңнан астамы жараланған болатын.
Еліміз қайырымдылық көмек ретінде Иранға жөнелту үшін әскерге арналған көп орынды 35 шатыр, 200 пеш, 500 жылы киімдер жинағы, 27 түрлі дәрі-дәрмек құралдарын әзірледі. Қайырымдылық жүктің жалпы салмағы 32,5 тоннаны құрайды.
Қазіргі сәтте жүк Алматы әуежайында рәсімделуде. Ұшақ 31-желтоқсанда түнгі сағат 1-де жолға шығады.