Өрт 4-қаңтар күні кешкісін шыққан. Агенттік ақпаратына сәйкес, көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде 50 шаршы шақырымды алып жатқан ортақ дәліздің едені мен екі пәтердің кіре беріс есігі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 37 адамы жұмылдырылды. Өрт бір сағаттың ішінде өшірілді.