Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-қарашасы мен 2004-жылдың 6-қаңтары аралығында облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 26 мәрте тіркелді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің ақпаратына сәйкес, ауруханаға жатқызылған адамдар ауыр және орташа ауыр жағдайда болды. Бүгінге дейін 11 адам ауруханадан шықты.
Қазіргі жағдаймен обаға қарсы күрес станциясы мен тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары індет ошақтарында аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолдануда.