Конференцияда Германия мен Ұлыбританиядан келген мамандар ауылдық аудандарда шағын және орта бизнесті өркендету мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Олардың пікірінше, алған грантты ауылшаруашылығы саласындағы жобалар мен ауыл тұрғындарының тұрмыстық ахуалын жақсартуға жұмсаған жөн. Мамандар 8 мыңнан астам тұрғыны бар Қазақстандық кейбір ауылдарда жеке наубайханасының да жоқтығын мысал ретінде алға тартты.
ТАСИС желісімен ұйымдастырылған «Европа Эйд» жобасы жеке кәсіпкерлікті қолға алған қазақстандық кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетуді көздейді. Еуропалық Комиссиядан бөлінген 2,2 млн. евро көлеміндегі жалпы гранттың 100 мың евросы облыстың Мартық және Алға аудандарында шағын бизнес нысандарының негізін қалауға берілмекші.
Жоба екі жылға созылып, осы мерзімде шетелдік мамандар кәсіпкерлікке алғаш ден қойғандарға менеджмент негіздерінен дәріс оқып, шағын несиелермен қамтамасыз етеді.
Ауылдық аудандарда шағын және орта бизнесті дамытуға облыстық бюджеттен 2004-жылы 15 млн. теңге бөлінеді. Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі облыстағы осы салаға 50 мың доллар инвестиция салады деп күтілуде.