Кемеде Әзербайжанның 8 азаматы болған. 7-қаңтардағы тексеру қортындысы бойынша кеме Баку қаласында тіркеліпті.
Кеме бортындағы тексеру нәтижесінде шекарашылар 2 тонна бекіре тұқымдас балық пен 3 кило қара уылдырық тауып алды. Сондай-ақ, табиғат қаскөйлерінің қолынан бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған 2 мың метр ау мен тор тәркіленді.
Қазақстанның аумақтық суларында заңсыз балық аулап жүргені үшін кеме тұтқындалып, Баутино айлағына айдалды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2003-жылы шекаралық теңіз дивизиясы Каспий теңізінде 12 үлкен кемені ұстады, олардың арасынан бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулап жүрген Әзербайжандық 4 кеме ұсталды. Шекарашылар жалпы ұзындығы 46,4 мың метрді құрайтын 174 ау, 816 метр арнаулы балық аулау құралдары, түрлі тұқымды 15 тонна балық пен 75 кило уылдырық тәркіледі.