2003-жылдың қараша айында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 23721 теңге болып, 2002-жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,4 %-ке артты. Нақты жалақы 5,7%-ке өсті.
2003-жылдың желтоқсанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 686 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 9,1%-ды құрады. Соның ішінде жұмыспен қамту мекемелерінде желтоқсанның аяғында жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген азаматтар саны - 142,8 мың адам, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі - 1,8%-ке тең. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.
2003-жылдың қараша айында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 23721 теңге болып, 2002-жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,4 %-ке артты. Нақты жалақы 5,7%-ке өсті.