Отырыста Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Мәскеу саммитінде қабылданған шешімдердің орындалуына қатысты мәселелер қаралып, мемлекет басшылары кеңесінің Ташкентте өтетін отырысының нақты мерзімі бекітіліп, халықаралық өзекті проблемалар бойынша пікір алмасылады. Кеңеске қатысушылар өзара экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және осы бағыттағы ынталандыру шараларын талқылауға баса назар айдармақшы.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қамтылады.
2003-жылдың мамыр айында Мәскеу саммитінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығын құру туралы декларация қабылданды. Ұйымның бірінші атқарушы хатшысы болып Қытай өкілі Чжан Дегуан сайланды. Бірінші хатшының орынбасарлары бүгінгі отырыста сайланады.