Жоба зауыттың Мәскеу қаласының іргесіндегі филиалында жүзеге асырылады. Қазір онда оңтүстік қазақстандық және ресейлік инженерлер жобалаған қуатты әрі бірегей балқытқыш екі электр пешті монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пештердің конструкциясы табиғат қорғау нормаларына бұлтарыссыз бағынуды қамтамасыз етеді.
Пештер алдағы наурыз-сәуір айларында іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде Мәскеу іргесіндегі кәсіпорында ай сайын 2 мың тоннаға дейін маркалы қорғасын өндірілетін болады.