Елімізде құрт ауруының мультирезистентті түрімен ауыратын 4,2 мың адам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде құрт ауруының мультирезистентті түрімен ауыратын 4,2 мың адам бар

Елімізде құрт ауруының мультирезистентті түрімен ауыратын 4,2 мың адам бар

Елімізде құрт ауруының мультирезистентті түрімен ауыратын 4241 мың адам бар. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Министр осы орайда «құрт ауруы айрықша маңызды әлеуметтік және медициналық проблема қалпында қалып отырғанын» атап көрсетті.

Ж.Досқалиев елімізде 1998-жылы елімізде құрт ауруымен күрестің Дүнииежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған стратегиясы қолданысқа енгізілгенін еске сала кетті. 2001-жылдан бастап бұл жүйе Қазақтандағы ахуалға сәйкестендірілді. Атап айтсақ, бактериоскопиялық тәсілмен бірге халық арасында флюорографиялық тексеру кеңінен қолданыла бастады. «Бұл ауруға шалдығу көрсеткішінің артуына алып келгенімен, құрт ауруының деструктивтік түрлерінің үлес салмағын азайтуға және олардың өсу қарқынын бәсеңдетуге, сондай-ақ, аталмыш дерттен көз жұму көрсеткішін азайтуға септігін тигізді»,- деді министр. Сондай-ақ, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін еліміздің бірқатар аймақтары мен пенитенциарлық жүйе мекемелерінде құрт ауруы проблемалары жөніндегі ғылыми орталықтың салалық бөлімшелері ашылды. Атап айтсақ, осындай орталықтар Ақтөбе, Шымкент және Семей қалаларында құрылды. Сондай-ақ, «Қазақстанда құрт ауруымен күресті күшейту жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарлама» жобасы жасалды.