Елімізде "Қазақстан Республикасы: тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 50 жыл" атты статистикалық жинақ жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Қазақстан Республикасы:  тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 50 жыл" атты статистикалық жинақ жарық көрді

Елімізде "Қазақстан Республикасы: тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 50 жыл" атты статистикалық жинақ жарық көрді

Бүгін, 23-қаңтарда Алматыда "Қазақстан Республикасы: тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 50 жыл" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 665
Фото - Caravan.kz

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Бауыржан Тортаевтың тұсаукесерде хабарлауынша, жинақта 1953-2002 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан және оның өңірлерінің дамуы туралы статистикалық ақпарат, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдар, халық саны, ауылшаруашылығы өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер туралы деректер келтірілген.

Сондай-ақ, Б.Тортаевтың айтуынша, өсімдік және малшаруашылығы, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және халықтың тамақ өнімдерін тұтыну көрсеткіштеріне жинақта ерекше орын бөлінген.
Жинақ мелмекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер, журналистер мен студенттер тәрізді оқырмандардың үлкен қауымына арналған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес 2004-жылы тың және тыңайған жерлердің игеріле бастауына 50 жыл толуына арналған мерейтойлық шараларды өткізу жоспарланып отыр.