Ә.Сәйденовтың пікірінше, «жалпы ағым мүлдем бір бағытта өрбігеніне қарамастан, биылғы жыл басында қалыптасқан валюта бағамы мен теңгенің нығаюын шұғыл ауытқушылық деп бағалауға болмайды». Ә.Сәйденовтың хабарлауынша, «өткен 2,5 аптаның ішінде Ұлттық банк валюта биржасында доллар сатып алуды доғарған жоқ». «Бұл саясатты біз одан әрі де жалғастырамыз»,- деп сендірді Ә.Сәйденов.
Сондай-ақ, оның айтуына қарағанда, «евроға және басқа да валюталарға ( жанама түрде теңгеге де) шаққандағы доллар бағамының шұғыл өзгеруі саяси және экономикалық сипаттағы бірқатар факторлардың әсерінен болмақ». Ә.Сәйденов «Ұлттық банк валюта рыногындағы ахуалды жіті қадағалап, түрлі өзгерістерге дер кезінде жауап береді» дегенге депутаттарды сендірді.